Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.
Оқушылардың қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды
Фото: Halyq Uni
10,697
оқылды

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Қазақстандық мектептерде ІІ тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады", – делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" негізге алуды ұсынады.

Мектепішілік іс-шара жоспарына: ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу; "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Үнемі оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау; "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" спорттық ойындар өткізу; "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында "Мен оқыған бір ертегі", "Парасаттылық туралы" тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу; "Ата-аналар мектебі" жобасын орындауда "Қыз намысы – ұлт намысы", "Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен", "Отбасылық таланттар" тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу; Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Ведомство өкілдері аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберілетінін атап өтті.