«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Ха­лық­пен бірге» сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жос­парына сәйкес, Қызылқоға ауданында 9 елді мекенде су құбыры желілерінің құрылысы жүріп жатыр.
Қызылқоғада қарқынды іс көп
992
оқылды

Бүгінде ауданның Қоғам елді меке­нінде суқұбыры желілерінің құрылысы бойынша 6,2 шақырым су же­лісі қазылып, аяқталды. Қоңыраулы ел­ді мекенінде 14,660 шақырым су же­лісі қазылып, су құбыры төселді және су мұнарасы  орнатылды. Ал Қоныстану елді мекенінде 8,250 шақырым су желі­сі қазылып, су құбыры төселді. Қазір үш нысанды қабылдау жұ­мыс­­тары жүріп жатыр. Сондай-ақ Ақ­қора елді мекенінде 1,910 шақырым су же­лісі қазылып, су құбыры төселді. Су мұнарасын бетондау және қор­шау жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар шағын ауылдарда ке­шенді блок-модульдерді орнату жұ­мыс­тары да жүзеге асты. 

Ауданның Былқылдақты елді ме­ке­нінде 10,660 шақырым су құбыры же­лі­сі қазылып, су құбыры төселді. Ке­шен­ді блок-модуль орнатылды. Электр же­лісін монтаждау жұмыстары жүр­гі­зілу­де. 

Ал Кенбай елді мекенінде 4,065 ша­қырым су желісінің қазу жұмыстары аяқ­талып, су құбырлары төселді. Екі ұң­ғыма қазылып, электр желісінің  жұ­мыстары аяқталды. Құдықтарды және ке­шенді блок-модульді монтаждау жұ­­­­мыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл аяғында толық аяқталып, іске қосылады.

Сарықұмақ елді мекенінде 5,584 ша­қырым су желісін қазу жұмыстары аяқ­талып, су құбыры төселді, 2 ұңғыма қа­зылды. Қазір Сағыз өзенінен су құ­бырын өткізу жұмыстары жалғасуда. Құ­рылыс жұмыстарын желтоқсан айын­да толық аяқтап, іске қосу жос­пар­лануда. 

Соркөл елді мекенінде су құбыры же­лілерінің құрылысы нысаны бойын­ша 0,558 шақырым су желісін қазу жұ­мыстары аяқталып, су құбырын тө­сеу жұмыстары жүргізілді. Кешенді блок-модулі орнатылды. Қазір нысан­ды қабылдауға құжаттар жасақталуда. 

Осылайша, құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне тапсырылғаннан кейін ауданда су мәселесі толықтай 100 пайыз шешілетін болады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА