«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 75 орындық аурухана пайдалануға берілді.
Құлсарыда жаңа аурухана ғимараты салынды
1,046
оқылды

Жаңа ауруханада МРТ аппаратымен бірге, цифрлық рентген, соңғы үлгідегі УДЗ аппараты, ота жасауға арналған ла­пороскопиялық қондырғылар бар. Сон­дай-ақ барлық палата көпфунк­цио­­­налды кереуетпен жабдықталған. Осы­лайша, аудан тұрғындары енді 300 ша­қырым қашықтықтағы облыс ор­та­лығына бармай-ақ қажетті тексеруден өтіп, ота да жасата алады.

Орталық аурухана ғимараты 55 орын­дық негізгі корпус, 10 орындық ба­­лалар бөлімшесі, 10 орындық ин­фек­циялық бөлімшеден тұрады. Со­нымен қа­тар асхана ғимараты, 3 ав­токөлікке ар­налған гараж, трансфор­маторлық қо­сал­қы станса, бақылау-өткізу пункті, ме­дициналық қалдық­тарды кәдеге жа­рату ғимараты, қоқыс жинағыш, құры­лыс­қа арналған ди­зельді электр стан­са­лар, ауызсуға ар­­налған резервуар, ав­тотұрақ қарас­тырылған. 

Жаңа аурухана барлық санитарлық ере­же мен талапқа сай заманауи үлгіде са­лынды.

Б.ЖАНҰЗАҚ