Түркия астанасы Анкара қаласында «Ұлы даланың ал­тыны» атты көрме ашылды. Көрмеге белгілі ғалым, археолог Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер қойылды.
Түркиядағы қазақ даласының көрмесі
1,452
оқылды

Берел, Шілікті, Елеке сазы қор­ғандарынан табылған 25 мың­нан астам алтын бұйым сақ дәуі­рін­дегі бабаларымыздың зергерлік және қолөнер шеберлігін айшық­тайды. Әсіресе, Зейнолла Самашев бастаған археологиялық қазба жұмыстары кезінде былтыр та­былған Елеке сазының «Алтын адамына» тиесілі бұйымдар, ғалымдар мен келуші­лердің асқан қызығушылығын ту­дыр­ды. Осы шара аясында сондай-ақ ғалымның «Көне түркі бейнелеу өнері» кітабы түрік тілінде жарық көрді. Анадолы өркениеттер музейін­дегі ерекше көрме тегін, әрі қаңтар айының соңына дейін жалғасады.