Қазірдің өзінде Түрікменстанда балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық шаралар
өткізілмейтіні белгілі болды.
Түрікменстан имамдары Жаңа жыл мерекесін тойламауға шақырды
2,976
оқылды

Жергілікті әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдында шырша орнатуға да рұқсат етілмеді,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Билік өкілдері бұған қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

"Хроники Туркменистана" басылымының мәліметіне қарағанда, биыл Түрікменстанда Жаңа жыл қарсаңында діни тенденциялар күш алып тұр.

Имамдар мешітке келушілерге "мұсылмандарға жат мерекені атап өтпеуді" уағыздауда, базарларда шошқа еті сатылымын шектеп, ведомстволық ғимараттар алдына орнатылған шыршалар, керісінше алынып тасталып жатыр.

Ал былтыр, керісінше, ғимараттың алдына да, ішіне де екі шырша орнату тапсырылған. 

Осыған қарамастан Түрікменстан халқы, әдеттегідей Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлер полицейлердің 31 желтоқсанда кешкі сағат 10-нан кейін алкоголь сатуға тыйым салынатынын ескерткенін айтып, шағымдануда.