Кейінгі 11 ай ішінде Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 5 918,9 млрд теңге болды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% жоғары, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Құрылыс жұмыстарының көрсеткіші ғимараттар (24,9%) мен тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар (6,8%) құрылысында және жөндеу жұмыстарында артқан.
Республика бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде:
- жеке ұйымдар – 87,3%
- шетелдік ұйымдар – 12,5%
- мемлекеттік ұйымдар – 0,2%
Орындалған жұмыстардың (қызметтердің) түрлері бойынша ең көп үлес:
- тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемнен 19,5%);
- автомобиль жолдары (14,8%);
- тұрғын үйлер (14,2%) құрылысына тиесілі.
Биыл қаңтар-қараша аралығында пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы ауданы 17 296,8 мың шаршы метр болды.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15,6% артып, 15 067,2 мың шаршы метрді құрады. Олардың ішінде:
- 9 107,9 мың шаршы метр көп пәтерлі үйлер;
- 5 862 мың шаршы метр жеке үйлер.