Сенат бюросының оты­рысында депу­таттар 26 және 28 желтоқсан күндері өтетін палата отыры­сының күн тәртібін бекітті.
Сенаторлар ел аралауға шығады
612
оқылды

Сенат Төрағасы осы аптада палатаның 2023 жылдағы қоры­тынды отырысы өтетінін атап өтті. Алдағы уақытта сена­торлардың өңірлерге сапары басталады. Мәу­лен Әшімбаев кездесулер бары­сын­да халыққа жүргізіліп жатқан консти­туция­лық реформалардың мәнін және Парламент қабыл­даған заңдардың негізгі ереже­лерін жан-жақты түсін­дірудің маңыз­ды екенін айтты.

«Келер жылдың алғашқы күн­­дері барлық депу­тат өңір­лерге шығады. Осы орайда шал­ғай елді ме­кен­дердің тұрғын­дарымен және еңбек ұжым­дарымен кезде­сіп, азаматтарды алаңдатқан мәселе­лерді шешуге оң ықпалы­мызды тигізу аса маңыз­ды», – деді палата Спи­кері.

Бекітілген күн тәртібіне сәй­­кес 26 желтоқсан күні сена­торлар «Қазақстан Респуб­лика­сының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайда­лану және эко­логия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқы­лымда қара­йды. Құжат нормалары сарап­тама мерзімдерін 8-12 айға қысқартуды, әкімшілік шығын­дарды жоюды және геологиялық барлаудың инвестициялық тар­тым­дылығын арт­тыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, жер қой­науын пайдалану саласын­дағы заңнаманы жетіл­діруді көздейді.

Ал 28 желтоқсан күні өте­тін палата отырысында Сенат депу­таты Бибігүл Аққожина­ның ант қабыл­дауы және оны тұрақты комитеттің құрамына сайлау мәселелері қаралады.

Сонымен қатар бұл күні де­пу­таттар «2002 жыл­ғы 7 қа­зан­­дағы Ұжымдық қауіп­сіздік тура­лы шарт ұйымының Жар­ғысына өзгерістер енгізу ту­ра­лы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң­ды қарайды. Аталған заңның нормалары ұйым­ға мүше мем­лекеттердің өзара іс-қимыл аясын ке­ңей­туге және ұйым Хатшылығының кадр мәселе­лерін жедел шешуге арналған.

Отырыс барысында «Қа­зақ­­­стан Респуб­лика­сының кейбір заңнамалық актілеріне экс­порт­­тық-кредиттік агент­тік және шикізаттық емес тауар­лардың (жұ­мыстардың, көр­сетілетін қыз­­меттердің) экс­портын ілге­рілету мәселе­лері бойынша өзге­ріс­тер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң да қа­рала­ды. Құжат Мем­лекет басшысының тапсыр­ма­сын орындау үшін әзірленді. Ол шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету сала­сын­­дағы ұлттық институт мәр­те­бесіне ие экспорттық-кре­диттік агенттік құруды көз­дейді.

Сондай-ақ бюро отыры­сын­да депутаттар Се­нат­тың Жобалық кеңсесінің тұрақты құрамы тура­лы мәселені қара­ды және Пар­ламент Мәжілісі­нен келіп түскен заңдар пала­таның тұрақты ко­митет­теріне бөлініп берілді.