Шығармашылық кеш атаулы күнге арналған – осыдан жеті жыл бұрын 22 жастағы қазақстандық музыкант I am a Singer жобасына қатысу үшін алғаш рет Аспан асты еліне келген болатын. Гонконг Көрме орталығына Қытайдың, Еуропаның, Американың, Азияның және Африканың түрлі қаласынан жанкүйер жиналды. Әнші жеке концертін Golden әнімен ашты. Кейін кештің алғашқы тосынсыйы – Smoke жаңа композициясы шырқалды.
Димаш 10 жыл бұрын жазған «Ұмытылмас күн» әні Санжай Әлмішевтің сыбызғыда сүйемелдеуімен ұсынылды. Кештің соңғы блогы ресейлік композитор Игорь Крутойдың Stranger композициясымен ашылды. Кеш барысында Димаш өзінің достарымен бірге халық аспаптарының дыбысталуына заманауи музыкалық әдістердің үйлесім мүмкіндігін паш етіп, «Адай» күйі мен «Дүрдараз» халық әнін орындап берді.
Концерттің финалында барлық жанкүйердің жүрегінен орын тапқан музыкалық шығарма – Autumn strong шырқалды.