Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар тасжолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ болуына, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты тасжолдардың 6 учаскесі жабылды:
"Астана-Петропавл" тасжолы, 18-234 шақырым, Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін ("КАЖсервис" ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 шақырым.
"Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолы, 16-200 км, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 шақырым.
"Екатеринбург - Алматы" тасжолы, 1292-1353 шақырым, Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 шақырым.
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолы, 232-260 шақырым (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
"Жезқазған-Петропавл" тасжолы, 377-552 шақырым (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);
"Жақсы-Есіл-Бұзылық" тасжолы, 0-82 шақырым (Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін).
Ақтөбе облысында 4 жол учаскесі жабылды:
Самара-Шымкент, 526-610 шақырым, Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Қобда ауылына дейін.
Самара-Шымкент, 776-844 шақырым, Ақтөбе қаласы – Хромтау қаласы.
Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, 0-234 км, Қарабұтақ учаскесінен Қостанай облысының шекарасына дейін.
Самара-Шымкент, 844-1153 км, Хромтау қаласынан Ырғыз ауылына дейін.
Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тасжолы, 84-184 км, Көктұм стансасынан Достық стансасына дейінгі учаске жабық.
Батыс Қазақстан облысында "Самара-Шымкент" тасжолы, 393-526 шақырым, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін жабық.
Қостанай облысында 9 жол учаскесі жабық:
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 218-232 шақырым, Октябрьское уч. С. - Ақмола облысының шекарасы.
Жезқазған – Петропавл, 339-377 шақырым, Арқалық уч. қ. - Ақмола облысының шекарасы.
Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный-Қостанай, 234-386 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка кентіне дейінгі учаске.
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 108-218 шақырым, Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейін;
Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 7-108 шақырым, Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін;
Екатеринбург – Алматы, 556-686 км, Тобыл қаласынан Сарыкөл ауылына дейін;
Екатеринбург-Алматы, 418-539 км, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейін;
Мамлүт-Қостанай, 250-404 км, Тобыл қаласынан Ұзынкөл ауылына дейін;
Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай, 386-503 шақырым, Рудный қаласынан Денисовка ауылына дейін.