Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Коллаж: ulysmedia.kz
719
оқылды

«Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кен орнында 31 жастағы жұмысшы қаза тапқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы жағдай 26 желтоқсан күні болған.

«Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинисті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген компания мәліметінде.