Қостанай облысына қарасты 15 аудан мен бірқатар елді мекенде әлі жарық жоқ. Әзірге электр энергиясы Қостанай мен Рудныйда ғана қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елді мекендердегі тұрғындардың жарықсыз қалуына ақтүтек боран себеп болған.
Сонымен қатар, облыстық әкімдік жоғалып кеткен зейнеткер мен оның немересін іздеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.
– 27 желтоқсан 9:00-дегі жағдай бойынша, облыстағы тасжолдарда 24 адам құтқарылды, 35 тұрғын эвакуацияланып, 317 адам жылыту орындарына жеткізілді, - деді ведомстводан.