Қазақ пен қырғыздың арқалы ақындары бас қосқан айтулы айтыстың бас жүлдесіне 10 миллион сом, яғни 400 мың теңге тігілді, ал жалпы жүлде қоры миллион теңгеге жуықтады. Сөз құдіретін тереңінен түсінетін қазақ қашанда ұлттық құндылыққа бай. Қай жерде жүрсе де төл өнерден алыстаған емес.
Ақындар айтысы 60 жылдан бері жергілікті телеарна эфирінен түспей келе жатқан «Замандас-Дидар» бағдарламасының мерейтойына орайластырылды. Шығармашылық ұжым Өзбекстанның түкпір-түкпірін аралап, қандастардың тыныс-тіршілігін баяндайды. Мәдениеті мен өнерінің дамып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалуына қосқан үлесі зор.
Жыр бәйгесі 4 сағатқа созылды. Тартысты өткен финалдың нәтижесінде бас бәйге қазақстандық Нұрлан Есенқұловтың еншісіне бұйырды.