Ел аумағы бойынша ауа райы құбылмалы болады.
Бұрқасын, жел, көктайғақ: 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
1,409
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ, екпінді жел, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар оңтүстік-батыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы аймақтарында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, Абай облысының орталығында, Жетісу облысының Алакөл көлі аймағында желдің күші 30 м/с және одан да жоғары болады.