Қалибек Қуанышбаев атын­дағы қазақ драма теа­тры­ның әртістері осындай қойылым ұсынды.
«Патша көңілім не дейсің?»
1,360
оқылды

Қара шаңырақты үлкен де, кіші де кие тұтқан, бақ-берекенің ұйытқысы деп қараған. Қара шаңырақ – қазақ үшін қастерлі ұғым. Алайда сол киеден кейінгі ұрпақ жеріп бара жатқандай. Спектакль көзі қарақты көрерменді бір сәт осы жайлы ойлануға шақырады. Оқиға қалаға көшіп кеткен перзентін зарыға күткен ата-ананың халін суреттейді. Жазушы Қуаныш Жиенбайдың қаламынан шыққан туындыны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов сахналады.

Жаңа спектакльде екі құрамда елге белгілі театр және кино ак­терлері өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Ақыш Омар, Лейло Бекназар, Боранбай Молдабаев, Асылбек Қапаев және өзге де тума таланттар. Олардың кәсіби шеберлігіне тәнті болған кей көрермен көзіне жас алды. Себебі жанр жағынан бұл комедия болғанымен, уытты әзіл көптің іштегі шер-шеменін қозғайды. Туған үй, ата-ана, перзент пен бауыр. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың бағасын биіктеткен бұл қойылым бір жарым сағатқа созылды. Жалпы, өнер ұжымы биылғы жылды толағай табыспен қорытындылағалы отыр. Театр қоржыны 6 жаңа қойылыммен толыққан. Ал «Патша көңілім не дейсің?» атты бұл комедия – жылдың соңғы премьерасы. Сондықтан жауапкершілігі де салмақты екенін айтады театр мүшелері