«Әлемді бірге құт­қара­йық!» атауымен «Наз» мем­лекеттік би ұжымы елор­далық балаларға жаңа­жылдық қойылым ұсынды.
Балаларға жаңажылдық тарту
фото: qazaqstan.tv
418
оқылды

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, мерекелік шара 10 күн бойы жалғасып келеді. Бүгінге дейін ұжымның 70-тен аса актері 25 спектакль, 25 ертеңгілік қойды. Оны 4 жастан 13 жасқа дейінгі балалар тамашалады. Жас көрер­мен назарына ұсынылған қойы­лым мен оның мақсаты туралы «Наз» мемлекеттік би театрының әртісі Айсұлтан Басықара айтты.

– Негізі бұл спектакльдің мақ­саты – жасыл желекті қорғау, суды үнемдеу. Сол арқылы бала­лардың көкейіне қуаныш сыйлау арқылы тәртіп пен тағылымды көрсету. Ертегі желісінде құрылған, әртүрлі кейіпкерлеріміз бар. Жыл 12 ай, жылда 12 ай болады ғой. Со­лар­дың барлығы осы спектакльде қам­тылады, – деді ұжым әртісі.