30 желтоқсанда "Жолаушылар тасымалы" АҚ Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарындағы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты бірқатар пойыздың уақытынан кешігетінін ескертті.
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше пойыз уақытынан кешігіп келуде
1,023
оқылды

Aikyn.kz Астана уақытымен сағат 14.30-дағы жағдай бойынша, келесі жолаушылар пойыздарының кешігетіні туралы "Жолаушылар тасымалына" сілтеме жасап хабарлайды:

№58 «Орал – Астана»  – 1 сағат 50 минутқа;

№328 Қарағанды – Қостанай – 2 сағат 30 минутқа;

№118 Қызылорда – Павлодар – 1 сағат 35 минутқа;

№76 Петропавл – Қызылорда – 3 сағатқа;

№46 Түркістан – Павлодар  – 2 сағат 45 минутқа;

№122 Астана-Семей –  2 сағат 20 минутқа;

№55 Көкшетау – Қызылорда – 1 сағатқа;

№47 Астана – Атырау – 1 сағат 30 минутқа.

"Қолайсыз ауа райы кезінде теміржол көлігі жолаушыларды тасымалдаудың жалғыз қолжетімді баламасы болып қала береді, өйткені автомобиль қозғалысы мен әуеқатынасы уақытша тоқтатылды. Жолаушылар "1433" тегін нөмірі және "KTZH_PP_BOT" Telegram боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады", – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.