Жаңа жыл түні 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі кезекшілікке шығады.
Қазақстанда полиция бірыңғай гарнизондық сап түзеді
1,358
оқылды

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасы бойынша елімізде полицияның кешенді күштерінің бірыңғай гарнизондық сап түзеуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жаңа жылды мерекелеуге байланысты көшелер мен қоғамдық орындарда полиция нарядтарының саны артты. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау күшейтілді. 

Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция нарядтары мәдени және бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерге жақын орналастырылды.

Жаңа жыл түні 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі кезекшілікке шығады.