"Қазгидромет" 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар әлі де Қазақстанның ауа-райына әсер етеді, ауа-райы құбылмалы болады.
Елдің басым бөлгінде жауын-шашын болады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, боран, екпінді жел соғады.