Екі көліктің соқтығысуынан 4 адам, оның ішінде 2 жасөспірім қаза тапқан.
ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
774
оқылды

ШҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ШҚО ПД мәліметінше, кеше сағат 22.20 шамасында «Өскемен-Шемонаиха» автожолының 8-шақырымында, Глубокое ауданының Уварово ауылы маңында Toyota Corona Premio және Toyota Vista соқтығысқан. Салдарынан 4 адам, оның ішінде 2 жасөспірім қаза тапқан.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция департаменті осы қайғылы апатта қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және жол қозғалысы қатысушыларын белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, маневр жасамауға, сондай-ақ жол және ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.