Бүгін ауа райы қандай болады?
Бірнеше өңірде қалың қар жауады: 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: almaty.tv
5,113
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ресми мәліметке сәйкес, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар елдегі ауа райына әсер етеді, осыған қарай күн құбылмалы болады.

Республиканың  басым бөлігіне жауын жауады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ, боран соғып, екпінді жел тұрады.