Құтқару жұмысына 40-тан астам адам, 13 техника және дрон жұмылдырылған.
Павлодар облысында ішінде 4 адам отырған автобус кенішке құлап кетті
918
оқылды

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылып, ішінде 4 жолаушы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті, деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазір опырылған жердің тереңдігі  150 метр, ұзындығы 150-200 метр, ені  жарты шақырым деп шамаланып отыр. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Автобус жерастына 4 қаңтар түнгі сағат 01.25 шамасында құлаған. Ішінде құтқарушылар мен жүргізуші болған.

«Апат кезінде автобуста 4 адам  кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен жүргізуші болды. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ»,  деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы жүр.

Психологтер жұмыс істеуде.

Құтқару жұмысына 40-тан астам адам, 13 техника және дрон жұмылдырылған.