Синоптиктердің мәліметінше, Астана мен бірнеше өңірде ауа райы күрт құбылады.
Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматыны таңертең және күндіз тұман басады. Қонаевта да күндіз тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең қар жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болады деп болжанды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Петропавлда қарлы боран соғады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде қалың қар жауады. Боран мен көктайғақ болады. Желдің екпіні кейде 30 м/с немесе одан да көп.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жел 30 м/с және одан да көп соғады.
Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні – 23-28 м/с. Павлодарда бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.