Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен екі комитет басшысы тағайындалды.
Екі комитеттің төрағасы тағайындалды
2,170
оқылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Рустам Әли Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.

2006-2011 жылдары – «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.

2011-2012 жылдары – «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры.

2012 жылы – Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.

2012 жылы – Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.

2012-2016 жылдары – Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.

2016-2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2021-2022 жылдары – Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жетісу облысы әкімінің орынбасары.

 

Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Қайрат Телманұлы Қамбаров Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып бастады.

2012-2013 жылдары – Астана қ. әкімі аппараты бөлімінде бас маман, бас маман – протокол басшысы.

2013 жылы ҚР Президентінің Іс басқармасында сектор бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасы бөлімінің басшысы.

2013-2014 жылдары – «Нұр Отан» (қазіргі AMANAT – ред.) партиясының  Астана қалалық филиалының бөлім кеңесшісі.

2014-2015 жылдары – Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы бөлімінің бас инспекторы-бас бақылаушысы.

2015 жылы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы.

2015-2018 жылдары – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бөлімі басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы.

2019-2021 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2021-2022 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.