Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 11 қаңтар күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және сенаторлардың өңірлерге сапарын қорытындылады.
Отырыстың күн тәртібі бекітілді
392
оқылды

Мәулен Әшімбаев ауылдар мен аудандардың тұрғындары көтерген мәселелер палатаның алда­ғы жұмысында баса назарға алынуы керегін айт­ты.

«Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірлерге барып, жұртшылықпен кездесулер өткіздік. Со­ның барысында халықты алаңдатып отырған өзекті проблемаларға назар аударып, тұрғындар­мен бірге талқыладық. Енді сенаторлардан маңыз­ды мәселелер бойынша депутаттық сауал­дар күтеміз. Сондай-ақ аталған түйткілдер Пар­ла­менттік тыңдаулар мен Үкімет сағаттарын өт­кізу кезінде де ескерілуге тиіс. Азаматтар көтерген проблемалар сенаторлардың ұдайы назарында болады. Біз оларды оң шешу бағытында нақты жұмыс жүргізуіміз керек», – деді Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев отырыс барысында Мем­лекет басшысының Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында белгіленген маңызды міндет­терге де тоқталып өтті. Палата Спикері ел Прези­дентінің тікелей тапсырмасымен Бюджет және Салық кодекстерінің жобалары әзірленіп жатқа­нын айтып, сенаторларды аталған заңдардың Сенатқа келуін күтпестен, тиісті жұмысты бастай беруге шақырды. Сондай-ақ ол ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін барша қазақстандықтың жұ­дырықтай жұмылып, әрекет етуі аса маңызды еке­нін тілге тиек етті.

Алдағы палата отырысында сенаторлар «Қа­зақ­­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарайды. Бұл заң Азаматтық және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ тағы 8 заңға түзетулер енгізуді көздейді.

Бұған дейін атап өтілгендей, құжат Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Заң шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық институт мәртебесіне ие экспорттық-кредиттік агенттік құруға бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар «2014 жылғы 29 ма­мырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Заң құқық қолдану кезінде анықталған құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға және терминоло­гияны бірыңғай стандартқа келтіруге арналған.

Заң нормаларына сәйкес ЕАЭО комиссиясына үшінші елдерге қатысты стандарттау, арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары бөлігінде өкілеттіктер беру және басқа да бірқатар өзгеріс қарастырылған.

Одан бөлек, бюро отырысында Парламент Мәжілісінен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақ­ты комитеттеріне бөлініп берілді.