Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Лауазымды тұлғаларға қатысты іс тергелуде
2,807
оқылды

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, келтірілген залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам. Соттың санкциясы­мен барлық күдікті: «ҚазАвтоЖол» филиалы ди­рек­торы­ның орынбасары, мердігер ұйымының өкілі және тех­никалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды.

«Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тарма­ғының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.