Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары
БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды
943
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болған.

«Сағат 17.17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамдары.

Облыста жаңа жыл басталғаннан бергі 9 күн ішінде жол-көлік оқиғаларынан 12 адам қаза тапты.