Костенко көмір шахтасында жарылыс болып, 46 жұмысшы көз жұмған болатын.
Костенко шахтасында болған апатқа кінәлі күдіктілердің есімі аталды
Фото: Stan.kz
923
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі делінген күдіктілердің аты-жөнін атады. Сырым Шәріпхановтың сөзінше, қазір 28 адам тергеліп жатыр. Олар қатардағы қарапайым жұмысшылар емес. Жауапты лауазымды тұлғалар,  деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Осыдан 2,5 ай бұрын Қарағандыдағы "АрселорМитталТеміртау"-дың Костенко көмір шахтасында жарылыс болып, 46 жұмысшы көз жұмған болатын.

«АрселорМиттал Теміртаудың бас директоры Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Көмір департаментінің атқарушы директоры Огай. Жалпы, 28 адам күдікке ілінді. Тергеу жүріп жатыр. Олардың кінәсін нақты сот анықтайды»,  деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.