Мәжіліс депутаты «AMANAT» фракциясының мүшесі Қазы­бек Әлішев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысының Шалқар ауда­нына арнайы келді.
Шалқарлықтарды алаңдатқан сауал
999
оқылды

Мәжіліс депутаты Шалқар қа­ла­сындағы Белсенді өмір сүру ор­талығында болып, ауданда әр­түрлі салада қызмет атқарған зей­неткерлермен кездесті. Кез­десу барысында ақсақалдар «Шалқар – Ақтөбе» автомобиль жолының құрылысын жақын уақытта аяқ­тап, пайдалануға бе­рілуіне ықпал жа­сауды сұрады.  

Қазыбек Әлішев бұдан кейін Шалқар аграрлық-техникалық кол­леджінің ұжымымен және кол­ледж студенттерімен кездесті. Кол­ледждің директоры Жадыра Жұ­қатаеваның айтуынша, қазір оқу орнында 8 мамандық бойын­ша кадр дайындалады екен. Кол­ледж түлектеріне сұраныс жо­ға­ры, әсіресе теміржол саласына жұ­мысқа орналасқан түлектердің үле­сі басым болып отыр. Кездесу барысында колледж­дің 3-курс студенті Айзат Бекбо­ла­това  жастарға арналған, оның ішін­де өз кәсібін жаңадан бас­та­ған кәсіпкерлерге берілетін қай­тарымсыз гранттар саны кө­бей­тілсе деген ұсынысын білдірді. Қазыбек Әлішев қазір барлық са­ла бойынша жастарға арналған қайтарымсыз гранттарға тоқта­лып, кез келген азаматтың  кәсі­бін кеңейтуі үшін «Ауыл Амана­ты» жобасына қатысуы маңызы ерекше екенін атап өтті.

Оқу орынындағы кездесуден соң Мәжілісмен партияның ау­дандық филиалы ғимаратында жер­гілікті халықты қабылдады. Де­путаттың қабылдауында бол­ған тұрғындар халқы 1 000 адамға жет­пейтін ауылдарда медици­на­лық пунктер мен ауылдық клуб­тар салынуын, автокөліктердің са­лығына өзгеріс енгізуді, «Шал­қар – Бозой – Бейнеу» автомо­биль жолында ауыр жүк көлікте­рі­нің қозғалысын шектеуді сұра­ды. 

Одан бөлек, аудандық мәс­ли­хат депутаттарының қатысуымен болған келелі отырыста ауыл­шаруа­­шылық саласына қатысты бірқатар мәселе талқыланды.   

Бердібек ҚАБАЙ