Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздегі біршама көкейтесті мәселелерді қарастырып, олардың нақты шешімдерін айтты.
Ғылымды дамытуға көңіл бөліп отыр – мұғалім
1,800
оқылды

Соның бірі – бүгінгі Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынас ынтымақтастық, визасыз режимнің енгізілуі. 

Шығыстағы көршіміз ғылым мен инновациялық дамуы, ғылымдағы жеткен жетістіктерімен белгілі. Қазіргі таңда ҚХР ғылым саласын ең көп қаржыландырады. Соның нәтижесінде, Стратиграфия және Палеонтология саласындағы зерттеулер жағынан Қытай әлем бойынша 1-орынды иеленеді. Қазақстанда стратиграфиялық жүйелерді корреляциалау бойынша жылына 1-2 маман дайындалса, Қытайда мұндай мамандар саны 100-150-ге жетеді.

Қытай университеттерінің ғылыми зертханалары Еуропа және Америка Құрама Штаттары зертханаларында қолданатын жоғарғы дәлдікті заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Бакалаврдың 2-курсынан бастап студенттер зертханаларда шынайы тәжірибелерді  жүргізіп білімін шыңдайды. Практикалық және зертханалық жұмыстардың маңыздылығы бірінші орынға қойылған. Білім деңгейлері өте жоғары.

Біздің қазіргі таңда зерттеу жүргізіп жүрген зертханаларымыз – Джон Хопкинс (АҚШ), Милан университеті (Италия), Лондонның жаратылыстану музейі (Ұлыбритания), Калгари университеті (Канада). Бұл мемлекеттер алыс, сол себепті ұзақ уақытты талап етеді. 

Президентіміздің дұрыс жүргізілген саясатының нәтижесінде бізге яғни Қазақстан ғалымдарына үлкен мүмкіндік туды. Ғылымда шекара болмайды. Қазіргі таңда бізбен бірігіп жұмыс істеуге зерттеулер жүргізуге, магистрант және докторанттардың ғылыми жетекшілері болуға өтініш білдірген университеттердің саны күннен күнге артуда.  Айта кетейік, берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, білім мен ғылымның көкжиегін кеңейту өз қолымызда.

Сезім Нұрахметқызы, Сәтбаев университетінің оқытушысы, PhD, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» бағдарламасының түлегі