"Қазгидромет" синоптиктері 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз, құбылмалы сипаты сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Республика бойынша тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады.