Осыған орай алматылық кітапханашылар қала оқушыларын тұлғасы биік суретшінің өнерімен таныстырды. Оның картиналарының ерекшелігін түсіндірді. Қастеев кең даланың тыныс-тіршілігін суретке сыйдыра алатын шеберлігімен ерекше. Қазақстанның халық суретшісінің бір ғана «Талас алқабы» және «Түрксіб» атты картинасы шетелдік өнертанушылар мен коллекционерлердің қызығушылығын тудырған. Осылайша, кітапханаға келген жастар Қастеев шығармашылығына терең бойлады.
– Әбілхан Қастеевтің туындыларына, жалпы қазақ өнеріне деген қызығушылық өте басым. Өйткені өздеріңіз білесіздер, қазақы нақыш, қазақ әдебиеті, қазақ сөздері трендте деп айтсақ болады. Сондықтан да Әбілхан Қастеевтың туындыларын бүгінгі жастардың көбі біледі деп айта аламын, – дейді Алмалы кітапханасының қызметкері Әсел Советбай.