Оқиға қас пен көздің арасында болған.
Өскеменде көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адамды атып өлтірді
Фото: ШҚО ПД-нен алынды
1,482
оқылды

Полицейлер Өскеменде күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Aikyn.kz Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Бүгін облыс орталығының «102» арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберісте қанға боялған ер адам жатқанын хабарлаған.

 

Полиция оқиға орнына шұғыл жетті. Мәйітті тапты. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қаза тапқан. Бұл фактіге патрульдік бөлімшелер жедел тергеу жүргізді. 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша Кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.