Бүгін ауа райы қандай болады?
Бұрқасын, жел, көктайғақ: 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: Sputnik.kz
1,117
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, қар жаууы мүмкін.

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, екпінді жел соғады.