Елімізде әскери қызметшілердің жалақысын арттыру кейінгі үш жылда кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді.
Әскери қызметшілердің жалақысы қаншаға өседі?
Фото: halyqline
986
оқылды

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Ақтау гарнизонындағы сарбаздармен және командирлермен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Басқожаев кездесу барысында 2024 оқу жылында Қарулы күштердің алдына қойылған міндеттері жөнінде айтты.

Сондай-ақ департамент басшысы кездесуде әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетіндегі өзгерістерге де тоқталды. 

– Соңғы үш жыл ішінде лауазымдық жалақыны кезең-кезеңімен ұлғайту жүргізілді. Биыл Қарулы күштердегі қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарының тарифтік санаттары және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша жалақы 30%-ға өседі, – деді департамент бастығы.