2021 жылғы қарашадан бастап ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Сұлтан Қамалетдинов ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды
929
оқылды

Президенттің өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін, 1997 жылы – Бронды танк әскерлерінің Әскери академиясын, 2010 жылы – Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Әскери шені: генерал-лейтенант (2020). Өзі қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

1986-1989 жж. – Германиядағы Кеңес әскерлері тобы құрамының 58975 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарған. 1989-1992 жж. – 73842 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 1992-1994 жж. – 25744 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 1994-1997 жж. – Бронды танк әскерлері Әскери академиясының тыңдаушысы. 1997-2004 жж. – ҚР ҚК әскери бөлімдерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2004-2006 жж. – 31775 ә/б командирі. 2006-2006 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері. 2006-2007 «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы бастығының орынбасары.

2007-2008 жж. – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (жауынгерлік даярлық бойынша) орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы.

2008-2010 жылдары – Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы.

2010-2012 жылдары – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы.

2012-2013 жылдары – Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы.

2013-2016 жж. – «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы.

2016-2017 жж. – Бас штаб бастығы – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары.

2017-2019 жж. – Аймақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы – ҚР Қарулы Күштерінің аймақтық әскерлерінің бастығы және ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Аймақтық қорғаныс департаментінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы.

2021 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.