Форум аясында Атырау облысында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» өңірлік сайлауалды бағдарламасы Жол картасының орындалуы бойынша облыс әкімінің орынбасары Марат Бисенғалиұлы және облыстық филиалдың атқарған жұмысы туралы Абдолла Хамиұлы баяндама жасады.
«Жол картасының» орындалуы бойынша Атырау қаласы және барлық ауданда фракция отырысында аудан әкімдерін тыңдау жұмыстары жүріп жатыр. Есепті кезеңде облыстық фракцияның – 3, аудандық, қалалық фракциялардың 21 отырысы өткізіліп, атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар жолданды. Алдағы уақытта «Жол картасының» депутаттармен келісілген және облыстық филиал Саяси кеңесінің бюросы бекіткен бағыттары бойынша жүйелі түрде жүзеге асуын сұраймын. Бұл үшін партиялық бақылауды күшейту маңызды. Осы бағытта халық сенімін ақтау әрбір депутаттың басты міндеті екенін әсте ұмытпаған жөн. Ал мұның барлығы атыраулықтардың өмір сапасын кешенді жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатын көздейді, – деді Абдолла Идресов.
Сонымен қатар атқарушы органдардың басшыларымен бірге өңірдің өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныстар зерделенді.
Облыстық мәслихат депутаты Сырымбек Сәрсенбаев 14 күндік вахталық ауысымды заң жүзінде бекітуді ұсынса, қалалық мәслихат депутаты Гүлнафис Таңбаева қызылшаға қарсы күресте екпе алудың маңыздылығын насихаттауға белсенді атсалысуға шақырды. Сондай-ақ облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, қоғамдық тыңдаулар ашық форматта өткізіліп, мұнда тұрғындар жанайқайының қатаң ескерілуі қажет екені айтылды.