Бұл туралы Сәкен Сейфуллин атындағы музейдің директоры Марат Әбсеметов мәлімдеді. Сәкентанушының айтуынша, бұл мерейтой республикалық қана емес, халықаралық деңгейде аталып өтуі тиіс.
Сәкен Сейфулиннің зерттелмеген қырлары, бізге беймәлім сырлары көп. Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер осылай дейді. Қазір мемлекет қайраткері жайлы том-том кітап жарық көріп, зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биылдың өзінде 3 бірдей туынды жарық көреді.
– Сәкеннің зерттеулерінде Үкімет басындағы Үкімет басшысы болғаны жөнінде үлкен зерттеу шығады. Асау тұлпар, кезінде шыққан біздің қызметкеріміз Алуа Тоқтарбаева, измирде түрік тілінде зерттеп, араб әрпінен алып үлкен кітап жазды, оны да шығарамыз. Сосын музыка мұрасына байланысты үлкен зерттеулер шығады, – деді музей директоры.