Қазақстан адам құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасап жатыр.
Адам құқы
866
оқылды

Мұнда демокра­тияны дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін ны­ғайту мақсатында қажетті заң­намалық жағдай жасалған. Осы мақсатта Қазақстан ауқым­ды демократиялық реформалар жүргізіп, өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес адам құқықтарын қорғайтын болады.

Атап айтқанда, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу шеңберінде Қазақстан азаматтары саяси шешімдер қабылдау процесіне кеңінен қатысатын болды. Саяси басқарудың теңгерімді жүйесі құрылып, есеп беретін Үкімет және ашықтық қағидаттары енгізілді. Мақсат – елімізді саяси тұрғыда трансформациялау және «Әділетті Қазақстанды» құру үшін басталған процестерді соңына дейін жеткізу. Негізгі реформаларды үшке бөліп қарастыруға болады. Олар – демократияға атсалысу, құқық қорғау тетіктері, адам құқықтары және заң үстемдігі.

Жалпы, құқық қорғау тетіктері бо­йынша реформалар адам құ­қық­­тарын қорғау жүйесін ны­ғайт­ты. Соттардың тәуел­­сіздігін күшей­­туге бағытталған заңна­ма­лық түзетулер қабыл­данды. Алқа­би­лер соты қарайтын істер­­­дің са­нат­­тары кеңейтілді.

Қазақстан адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық тетік­­тердің рөлін күшейтті. Елімізде Адам құқықтары жөніндегі ом­­будс­­­­мен институты толыққанды жұмыс істейді. Аталған институт конституциялық мәртебеге ие болды. Сондай-ақ Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі, Бала құқықтары жөніндегі, Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары жөніндегі омбудс­­мендер тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін, құзіретін және дер­бестік кепілдігін Конституциялық заң деңгейінде алғаш рет бекітіп берген болатын. Қазір сол заң шең­берінде жұмыс жасаудамыз. Былтыр айтарлықтай нәтиже­лерге қол жеткіздік. Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл институ­­­ты­ның қызметі туралы халық ке­ңі­­­­­­­­­­нен ақпараттанды деуге бо­лады. Мұны азаматтардан түсіп жатқан шағым-өтініштер саны­ның артқанынан байқауға бо­лады.

«Мәселен, Адам құқықтары жө­ніндегі уәкілдің, оның өкілде­рінің және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың атына 2023 жылы 5 773 шағым мен өтініш келіп түсті. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 3,1 есе және 2022 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Сонымен қатар жеке қабыл­даулар саны да едәуір артуда, оған себеп – аймақтардағы Адам құ­­қық­­­тары жөніндегі өкілдік­тер­дің ашылуы. Былтырғы жылы бар­лығы 2 405 жеке қабылдау өт­кізілді, бұл 2022 жылғы көр­сет­кіш­­­тен, яки 443 қабылдаудан 5,4 есе артық. Шағымдарды қарау нәтижелері бойынша азамат­тардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына кел­тіруге жәрдемдесу үшін қабылда­нуы тиіс шаралар туралы 2023 жылы 705 ұсыныс жібердік, оның 585-і қолдау тапты. 

Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз етудің тиімділігін арт­тыру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағытта­рының бірі – Ұлттық алдын алу тетігі. Жабық мекемелерде ұста­латын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау жағ­дайына оң әсер ететін жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Былтыр мекемелерге 461 рет мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде, мемлекеттік органдардың 188 қыз­­­­­меткеріне қатысты тәр­тіптік жауапкершілік шаралары қолдан­данылды. Ал азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жаза түрлері туралы 160 өтінішті қаралды. Ұлттық алдын алу тетігі – Қазақстандағы мандатты мекемелердің материалдық-тұр­мыстық жағдайларын қадағалап, ондағы адамдардың үнін естуге мүмкіндік беретін жаңа, тәуелсіз құрал», – дейді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Оның айтуынша, адам құ­­­қық­тары жөніндегі уә­кіл қызме­­­тіндегі басым бағыт­тардың бірі – заң­наманы же­тілдіру бойынша ұсы­ныстар әзір­леу. «Былтыр біз 88 ұсыныс да­­­йындап, оның 19-ы бүгінде тиісті заң жобаларына енгізілді, 68-і – зерттелу үстінде. Сондай-ақ бүгінде халықты құ­­­қықтық ағарту жұмысын жүр­­­­гізудің ма­ңызы зор. Биыл өңір­­­лердегі өкіл­дерінің қатысуы­­мен 196 құ­­қықтық оқу-ағарту іс-шарасы өт­кізілді. Адам құ­­қы­­­­қтары жөнін­дегі уәкіл кеңсесінің ұйымдас­тыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: проблемалар мен шешу жолдары» және «Адам құқық­­­тарын қамта­­масыз ететін халық­­­аралық құ­қық­тық норма­­ларды ұлттық заң­намаға импле­­­­мен­­тациялау» та­қырыптарында ха­лық­­­аралық конференциялары өтті. 

Қорыта айтқанда, бүгінде Қазақ­стан адам құқықтарын қор­­ғау бағытында нақты қадам жа­­сауда. Оған дәлел – Прези­­денті­­міздің Қазақстанның ха­­­­­лық­­­­­­­­ара­лық міндеттемелеріне толық сай келетін «Адам құқық­­та­ры мен заң үстемдігі саласын­­­дағы іс-қимыл жоспары туралы» Жар­­лыққа қол қоюы. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі азаматтық және саяси құқық­­­тардың өзекті мәселелерін, құқықтарды қорғау мен ілгерілету саласындағы прог­реске негізгі кедергілерді анық­­тауды, сондай-ақ әлеу­­­меттік-экономикалық құ­қықтарды қор­­­ғау мен ілгерілету бағы­­­тын­­дағы жұмыстарды жал­ғастыратын болады», – дейді Артур Ластаев.

Конституциялық Сот азамат­­­тардың құқықтары мен бостан­­дықтарын қорғаудың маңызды тетігі ретінде қайта құрылды. Қазақстан азаматтары оған тіке­лей жүгіне алады. Конститу­­­­­­­циялық Сот – Ата Заңның үстем­дігін қамтамасыз ететін кон­­­­­­ституция­лық бақылаудың жо­ғары органы. Конституциялық Сот түпкілікті шешім шығарады және оның шешімдерін, соның ішінде азаматтардың консти­туциялық құқықтарына қатысты ше­шім­­дерді Президент те қайта қарай алмайды. Конституцияға енгі­­­зілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Конститу­циялық Соттың тиісті қорытын­дысы бол­ған жағдайда ғана рес­пуб­ликалық референдумға не­месе Пар­ламенттің қарауына шы­­­ғарылуы мүмкін.

Адам құқықтары және заң үстемдігі бойынша да көптеген жұмыстар атқарылды. Президент Қазақстанның халықаралық мін­деттемелеріне толық сай келетін «Адам құқықтары мен заң үстем­дігі саласындағы іс-қимыл жос­па­ры туралы» Жарлыққа қол қойды. Еліміз өлім жазасын жой­ды және сотталғандардың денсау­лығын сақтау құқықтарын қам­­тамасыз ету жөніндегі азаматтық функцияларды Ішкі істер ми­нистрлігінен алып, Денсаулық сақтау министрлігіне берді. Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжат халықтың әлеуметтік тұр­ғыдан осал санатына жататын аза­маттарды жан-жақты қолдауға бағытталған. Қауіпті еңбек жағ­дай­­ларында жұмыс істейтін адам­дар үшін арнайы төлем бекітілді.

«Қазақстан адам құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам­­дар жасап жатыр. Оның ішінде балаларға қатысты тармақтарына тоқталсам, біріншіден, Ұлттық қордан балаларға арналған ауда­рымдарды реттейтін заң қабыл­данды. Естеріңізге сала кетсем, 1  ақпаннан бастап 18-ге толмаған балалардың бәріне бірдей мөл­шерде ақша аударыла бастайды. Бала кәмелет жасына толғасын, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алу­ға, білім алуға жұмсай алады.

Екіншіден, еліміз балалар мен мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ-ның факультативтік хатта­ма­­ларын ратификациялады. Енді балалар немесе олардың заңды өкілдері БҰҰ-ның Бала құқық­тары жөніндегі комитетіне өз құ­қықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Бірақ комитетке жүгіну үшін алдымен Қазақстандағы құқық қорғау органдарына шағымдану қажет. Яғ­ни, өз елімде құқығым қорғал­мады деген жағдайда ғана халық­­аралық деңгейде арыздануға болады. Ал комитет өз кезегінде әр­бір істі қарап, ұсыным ретінде ғана шешім шығара алады.

Үшіншіден, Қазақстанның адам құқықтарын қорғау жө­ніндегі ұлттық тетіктердің рөлін күшейді. Оның бір дәлелі – Адам құқықтары жөніндегі, Бала құ­қық­­тары жөніндегі және Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары жөніндегі омбудс­мендердің тағайындалуы. Бұдан бөлек, еліміздің әр өңірлерінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді. Сондай-ақ біз жаңа заң жобасында өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің мәртебесін балалық шақты қор­ғау жүйесіндегі маңызды құры­лым ретінде бекітуді қарастырып отырмыз», – дейді Бала құ­қық­тары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Сондай-ақ елімізде азапта­­ға­ны үшін қылмыстық жауап­­кер­шілік қатаңдатылды, азап­­тау­ларға қарсы күрестің ұлттық пре­­вентивті механизмі күшей­­тілді, азаптауларға және қатыгез іс-әрекеттерге қатысты заңна­малық анықтама енгізілді. Тұр­мыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Мұндай жағдайларда тарап­­тардың қайта татуласу мүмкіндігі заң жүзінде алынып тасталды. Митингілер туралы жаңа заң қабылданды. Онда рұқсат алудың орнына, алдын ала ескерту тәртібі енгізілді. Нәтижесінде, Қазақ­­­станда бейбіт митингілер саны бірнеше есе өсті. БАҚ туралы заң қауіпсіз цифрлық кеңістік құру мақсатында реформаланды.

Әділетті Қазақстанды құру жо­лында Мемлекет басшысы қол­ға алған батыл бастамалардың бір парасы осындай. Бұл жұмыстар одан әрі жетілдіріліп, жаңа жылда да жалғаса түсетін болады.

Нұрлан ҚОСАЙ