"Қазгидромет" синоптиктері 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін де елдің басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.
Тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, боран соғады. Оңтүстіктің таулы жерлерінде қалың қар жауады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.