Депутат кездейсоқ кикілжің кезінде ажал құшқан.
Мәслихат депутатының өлімі: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Фото: Жетісу облысы полиция департаменті
2,318
оқылды

Жетісу облысында мәслихат депутатын көптің көзінше өлтіріп кетті. Осы қылмысқа барған күдіктіні полицейлер көпке ұзатпай қолға түсірді. Күдікті жас жігіт Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап тастаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Полиция қылмысқа Слямовтың қызметінің қатысы жоқ деп отыр. Дәурен Слямов кездейсоқ кикілжің кезінде ажал құшқан. Үшаралда салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшылар төбелесіп, депутат араша түскен көрінеді. Сол кезде суық қаруын ала жүгірген қаскөй пышағын Слямовқа сұғып алған. 37 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екені анықтады. Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ұсталған адам Алакөл ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», – деді Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Нұрболат Шаму.