Жыл басталғалы бері ел спортшылары қоржынымызға жүлде толтырып жатыр. Әсіресе мергендеріміз жарап тұр. Нысана көздеу, стенд ату сынды сайыстар бойынша спортшыларымыз қуантып жатыр.
Мергендер жарап тұр
1,494
оқылды

Аталған сайыстар бойынша ел қоржыны тағы 3 жүлдемен толық­ты. Нысана көздеуден Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан Азия чемпионатында ел мергендері тағы да жүлделі болды. Бұл жолы 10 метр қашықтықтағы жылжы­малы нысананы көздеу бойынша Фатима Ирназарова алтын алды. Ал ерлер бәсекесінде Илья Зотеев қола жүлдені қанағат тұтты. Сон­дай-ақ ол Андрей Худяков, Асадбек Назиркульевпен бірге командалық сайыста 2-орынға табан тіреді. Қазір ел құрамасында 4 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль бар. 

– Спортшылар көңілден шық­ты. Біз жүлделі үш орын мен екі лицензия аламыз деп уәде берген едік. Айтқан сөзімізде тұрдық. Біз ойлағаннан да жақсы өнер көрсе­тілді. Енді жаттығуды үдете түсу керек. Көп ұзамай Египеттегі әлем кубогіне аттанамыз. Кейін елде жаттығу жиынын өткіземіз, – деп ны­сана көздеуден Қазақстан ко­ман­да­сының бас бапкері Ольга Дов­гун алдағы жоспарымен бөліс­ті.