Алматыдағы Мемлекеттік академиялық би театрының труппасы көрермендерге «Қар ханшайымы» балет қойылымын ұсынды. Жазушы Ганс Кристиан Андерсеннің әйгілі қысқы ертегісінің қойылымы Лермонтов атындағы драма театры сахнасында өтті.
«Қар ханшайымы» балеті қойылды
фото: 24.kz
1,036
оқылды

Болат Аюханов атындағы би театрының ұжымы жаңажылдық мереке күндері гастрольдік сапар­мен ел аймақтарында аталған ба­летті сахналаған болатын. Екі актілі сахналық туындыға бейнеқойылым­дар қосылған. ҚР мемлекеттік академиялық би театрының бас хореографы Гүлфида Ғафурқызы бұл қойылым­ның балама ретінде ұсынылғанын айтып өтті.

«Қыс біз үшін әрқашан «Щел­кун­чикпен» есімізде қалады. Сон­дық­тан қазір барлық театр­да жаңа-жылдық теңдесі жоқ «Щелкунчик» қойылымы көрсе­тілуде. Біз «Щелкунчикке» осындай балама жасап, «Қар ханшайымын» көрермен назарына ұсындық. Өйткені бұл да тамаша ертегі. Өте қызық әрі мейірімділікке үндейді», – деді ол.