«44 нысан бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр», – делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Бұл ретте 31 талаптың 25-і заңды күшіне енген, 6 талап бойынша апелляциялық сатыда сот талқылаулары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін 2023 жылы құрылыс нысандарын жоспардан тыс 1 074 тексеру барысында 1 140 заңбұзушылық анықталған.
«Басқарма объектілерді жоспардан тыс тексеруді алынған өтініштер негізінде «Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның сақталуы тұрғысынан жүргізді.
Азаматтардың салынып жатқан объектілер бойынша толық және өзекті ақпарат алуы үшін басқарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісін іске қосты», – делінген хабарламада.