Депутаттардың талқылауына байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.
Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, қалалар мен ауылдық елді мекендерде байланыстың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған. Түзетулер спутниктік технологиялар мен инновацияларды қолдану аясын кеңейтуді қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Сондай-ақ екі ратификациялық жоба ұсынылады. Олар – Қазақстан мен Қырғыз Үкіметтері арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және Қазақстан мен Литва арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама.
Бұдан басқа, депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын сайлайтын болады.
Сонымен қатар Мәжіліс комитеті Қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерді жұмысқа алады.