Мәселен, Темір ауданындағы кітапхана құрылысы алдағы жылдың қазан айында аяқталмақ. Жобаның құны – 617 263,0 мың теңге.
Құрылысты «Мұнайқұрылыс» көпсалалы құрылыс фирмасы» ЖШС жүргізіп жатыр.
Ал Бадамша ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының 70 пайызы аяқталды. Қазір әрлеу жұмысы жүргізілуде.
– Біз нысанға бақылау жұмыстарын жиі жүргізіп, құрылыс сапасына және қаржының тиімді игерілуіне назар аударып отырмыз. Қазір еденін ауыстыру, әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимаратқа жартылай жылу берілді. Мердігер «Баспана БИЛД» ЖШС кестеге сәйкес сапалы жұмыс істеуде. Құрылыс жұмыстарына 20-дан астам адам жұмылдырылған. Ғимарат осы жылдың қыркүйек айында тапсырылады, – дейді партияның Қарғалы аудандық филиалы атқарушы хатшысы Надежда Заглядова.
Шалқар қаласындағы І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары кестеден қалыс қалмай келеді.
– Күрделі жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланған. Осы жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы тиіс. Бүгінге дейін ішкі жұмыстарын бітірдік. Мектеп оқушыларының 80 пайызы оқуды бастап кетті. Енді мектептің сыртын қаптау, төбесін ауыстыру, брусчатка төсеу жұмыстары қалды, – деді мектеп директоры Айбек Ажмұратов.
Берік БЕК