Павлодардағы Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетіне неміс ғалымдары кешенді метеорологиялық станса және су потенциалын зерттейтін құрылғы сыйлады.
Неміс ғалымдарының тартуы
468
оқылды

Оның біріншісі ауа райындағы өзгерістерді әр минут сайын деректер базасына түсірсе, екіншісі өсімдік пен ағаш тұқымдарын сақтап қалуға ықпал етеді. Жалпы, су режимдерін өлшеуге арналған мұндай құрылғы Қазақстанда бұрын болмаған екен.

– Мониторинг жүргізу, сарап­тама жасау арқылы атфосмераны, ауа райын зерттеуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асырамыз. Құрылғы желдің күшін, оның  қай жақтан соғатынын анықтауға кө­мек­теседі. Мұндай барокамераның жұмысын спутниктен ала алмайсыз­дар. Көзбен көре алмайсыз. Тек  қол­мен жасап, жаңағы құрылғы  арқылы ғана сондай жұмыстарды атқаруға болады, – дейді Марғұлан университеті жаратылыстану жоғары мектебінің деканы  Ермек Ғаб­дуллин.

Бұл зерттеу құрылғыларын Гер­ма­нияның Альберт-Людвиг атындағы Фрайбург университетінің ғалымдары әкелді. Шетелдік мамандар құны 20 миллион теңге тұратын кешеннің мүмкіндіктерімен таныстырды. Мобильді құрылғы­ларды көлікке тиеп алып қалаған жерде зерттеу жүргізуге болады.