Жергілікті өнерпаздар Үндістанның төрт қаласында өнер көрсетті. Яғни, алдымен Дели, кейін Бангалора, Майсура және Мумбай қалаларында шығармашылық кештер өткізді.
Өнерпаздар Үндістанда өнер көрсетті
фото: egemen.kz
859
оқылды

– Біздің оркестр үлкен тәжірибе жинақтады. Алдағы уақытта да осы байланысты үзбей, керісінше нығайтқымыз келеді. Үндістан өте қонақжай мемлекет екен. Біз оларға өзіміздің дәстүрлі музыка­мыз бен аспаптарымызды таныс­тырып, көрсеттік, – деді эстрадалық симфониялық оркестрдің инспек­торы Артём Кислощей. 

Фестиваль барысында Үндіс­тан­ның әйгілі композиторы Лак­шми­нараяна оркестр мүшесі Асхат Галеевті бірлесе өнер көрсетуге шақырды. Олар қос елдің ұлттық аспабында түрлі әуен ойнап, көрермен қошеметіне бөлінген.

– Бұл нөмірде импровизация көп болды. Ол кісі скрипкамен өздерінің әуендерін орындаса, мен сол кісіге қазақтың нақышында домбыраның үнімен жауап беріп отырдым. Нөмір өте жақсы шықты деп ойлаймыз, – деді облыстық филармонияның әртісі Асхат Галеев.

Облыстық симфониялық ор­кес­трмен бірге фестивальға елор­далық камералық хор да қатысты. Жалпы, музыкалық шарада 80-ге жуық отандық өнерпаз өнер көрсетті.