Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.
Астанада мектепке Шәкен Айманов, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Шерхан Мұртазаның есімі берілді
Фото: egemen.kz
3,327
оқылды

Астана қаласындағы мектептерге елімізге белгілі тұлғалардың есімі берілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап. 

Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес:

№ 20 орта мектебіне – Шәкен Аймановтың есімі берілді;

№ 27 мектеп-лицейге – Қасым Қайсеновтің есімі берілді;

№ 38 мектеп-лицейге – Әлімхан Ермековтің есімі берілді;

№ 64 мектеп-лицейге – Сұлтанбек Қожановтың есімі берілді;

№ 94 мектеп-гимназияға – Тұрсынбек Кәкішұлының есімі берілді;

№ 89 мектеп-лицейге – Дулат Бабатайұлының есімі берілді;

№ 44 орта мектепке – Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді;

№ 24 орта мектепке – Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді;

№ 59 мектеп-лицейге – Кәрім Мыңбаевтың есімі берілді;

№ 34 орта мектепке – Барлыбек Сырттанұлының есімі берілді;

№ 63 мектеп-гимназиясына – Шерхан Мұртазаның есімі берілді.