Шымкент қаласында 8-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қҚалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Низамхан орта мектебінің оқушысы сыныптас құрбысына үйінен белгісіз дәрі ішіп шыққанын айтқан. Артынша екінші сабақта есінен танып қалған.
Тарих пәні мұғалімі мен сынып жетекшісі жедел жәрдем қызметін шақырған.
– Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайды. Оқушы өзін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2009 жылы туған жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, – делінген ведомство ақпаратында.
Бүгінде құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.