Мемлекет басшысы жол сапасын арттыру жұмыстарында ескеру қажет бірнеше мәселені атап өтті.
«Жағдай мәз емес»: Мемлекет басшысы елдегі жолдардың сапасына сын айтты
Фото: Forbes
503
оқылды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық маңызы бар жолдарды салуға отандық кәсіпорындарды тарту керек екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Келесі – автожол мәселесі. Еліміз үшін айрықша маңызды «Астана-Балқаш-Алматы» тасжолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Талдықорған-Өскемен» жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы тұста Мемлекет басшысы мынадай бірнеше мәселені ескеру қажеттігін айрықша атап өтті.

«Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек. Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес»», – деді Мемлекет басшысы.